Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  150


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Сен маған: «Бақшамдағы гүлсің», - дедің...

Сен маған: «Бақшамдағы гүлсің», - дедің,
«Сені сүйем, шын ұнап жүрсің», - дедің.
Түсінбедім,
Неліктен жалт бұрылдың?
Естімейсің жанымның күрсінгенін.
Мен: «Шықпаған биіксің, шыңсың», - дедім,
«Бақытқа лайықты ұлсың», - дедім.
Алақан болып мені аймаладың,
Жүректің қағысы боп дүрсілдедің.
Көзімді жұмсам болды – елестейді
«Жаным!» деп мені еріткен тылсым демің.
Атырдым сені ойлаумен талай таңды,
Өзімді іштей мүжіп, құр сүлдерім.
Мен сені ұмытамын енді қалай?!
Жазулы жанарымда тұрсың менің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу