Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  153


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Ой-жарыстарда талай да-талай жүлде алғам...

Ой-жарыстарда талай да-талай жүлде алғам,
Сансыз сұрақтар шығады неге күнде алдан?!
Өзіңді ойлап, өзіңді ойлап тағы да,
Түбіне жетпей, жынданғам.
«Келер-ау» деген құр үміттерге алданған,
Алыстап бара жатырғандай ма нұрлы арман?!
Басқаға айтқан жылы сөзіңді естіп ап,
Ішімді талай қызыл ит тырнап, қызғанғам.
Біреудің жарты бақытын ұрлап, күзеткен,
Қызығың сол ма, бұл жалған?!
Сезімнің зеңгір көгіндегі асқақ шыңды алған,
Сенімімменен шыңдалған,
Көрсетіп тұрып елесін,
Адастырмаған кімді арман?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу