Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
109
«Жаныма жар, серік қой» деп санағам...
«Жаныма жар, серік қой» деп санағам,
Жүрекке жұп, арманыма балағам.
Мынау байтақ дүниенің барлығы –
Саған деген сезімімнен садаға!
Бір ғажайып күш бар менде – табынсаң,
Сенім – семсер, серт емес пе, бағынсаң?!
Санам менің сарғайып жүр сені ойлап,
Түсінерсің, сен де мендей сағынсаң.
Сезім сұлу – мөлдір моншақ, тағынсаң,
Арым адал, алдыма кел – шағынсаң,
Көңіліме мәңгі орнаған жансың сен,
Жүрегіңнен маған орын табылса.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter