Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
123
Сезімнің сұлу сарайы...
Сезімнің сұлу сарайы,
Мәңгілік маған мекенсің.
Ғашықтық деген ғаламат,
Ақын боп кетеді екенсің!
«Жастық шақ – ғажап кез» дейді,
Бара да бермес байыпқа.
Көңілім аңсап өзіңді,
Сағынып жүрсем, айып па?!
Тербеліп әсем сазбенен,
Айналып жүрек Жайыққа;
Шарқ ұрып сезім-шағала,
Шәмші боп жүрмін «Қайықта»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter