Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  927


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

ӘЖЕМЕ

Салмағын сағыныштың жүз ұқтырып,
Төзімді тежей алмас сынық құлып.
Көңілім алып-ұшқан су сепкендей,
Алдымнан шықпасыңды біліп тұрып.
Ағайын ұсынса да төрін, мейлі,
«Көзді ашып-жұмғаныңша өмір» дейді.
Орамал тартқандардын арасынан
Жаулығың сенің аппақ көрінбейді.
Жандар бар бүкіл ұрпақ үшін үлгі,
«Төрле!» деп маған орын ұсынулы.
Маңдайдан сүйгендердің арасынан
Іздедім елден ерек пішініңді.
Теріп жеп нәпақасын ақ таңдардың,
«Айналайын!» деп арқа қаққандардың;
Іздедім арасынан қоңыр даусын
Аялап, құлын күннен баққан жанның.
Кейде ұқсас көрінеді өлең мен от,
Көңіліме өзің жүрген әлем керек.
Жалтақтап қарап жүрем жан-жағыма:
«Бір бейне саған ұқсас көрем бе?!» деп...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу