Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
91
Досымнан жақын көрем, Өлең, сені...
Досымнан жақын көрем, Өлең, сені,
Аялап, әлдилеумен келем сені.
Жабыққан сәттерімде жадыратып,
Жоясың көңілімдегі көлеңкені.
Жан едім, артып жүрген жырға сенім,
Өлең, сен өміріме сырлас едің.
Көңілдің шемен-шерін тарқататын
Жаралы жүрегімнің мұңдасы едің.
Бар асыл маржанымды ақтаратын,
Жандарға жыр түсінер құрдас едім.
Жүретін мені қолдап, сен болмасаң –
Жақын боп тумас едім...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter