Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
117
Ертеңгі күнге жалғанған
Ертеңгі күнге жалғанған
Мендегі аппақ армандар.
Самалы сипап бетімнен,
Карсы алар алда таңдар бар.
Куансам – асып-тасыман,
Қайғырсам – жылап, жасыман.
Бақытқа мені жетелер
Ертеңдеріме асығам.
Сергелдең етсе сенгенім,
Жауабын таппай, тосылам.
Дұшпаным күлсе табалап,
«Досым бар ғой» деп басылам.
Қоңыраулы көшке қосылам,
Айтпаса тағдыр тосын ән –
Кыздарым жүрсе құлпырып,
Ризамын, өмір, осыған!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter