Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  175


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Өлең-өмір, ән-дүние, күй-ғалам...

Өлең-өмір, ән-дүние, күй-ғалам,
Қызғанбастан, қызығыңды қи маған!
Мен әніммен ғашық еткім келеді
Күллі әлемді қауызына сыймаған!
«Шәрбатың мен шекеріңді ұқсам» деп,
Бар тәттіні уысыма жинағам.
Тезге шыдар темірдейін төзім бер,
Сабырымды салмақтайтын жинаған.
Парызым мен қарызымды өтейін,
Анам үшін маған өмір сыйлаған.
Жүректегі жырымды айтып кетейін,
«Жарық дүние көремін» деп қинаған!
Жауазын-жыр бүршік жарып кеудемде,
Тыным бермей жүр маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу