Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  110


Автор: Нұргүл МАУЛИНА

Қыранша шырқап қияға...

Қыранша шырқап қияға,
Тұлпарша кейде көсілем.
Алаңсыз жүрмін ұяда,
Еркелеп кімге осы мен?!
Көңілімде – бір күй домбыра,
Пернесін бассаң – шешілем.
Жүрегімдегі жыр-бұлақ –
Мендегі ойдың бесігі ең.
Тербетілумен сендегі,
Толқынға қарап өсіп ем.
Ей, өмір, сенде бар шығар
Менің де жырдан несібем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу