Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
170

Көңілдің тағып моншағын...
Көңілдің тағып моншағын,
Кеудемде жатыр қанша мұң?
Жаныма менің үңілер
Жандарды күтіп, шаршадым.
Өлеңнен өрнек тағынған
Айтатын әсем әнім бар.
Жырменен желек жамылған,
Жібектей жұмсақ жаным бар.
Жаным бар жұмсақ жібектей,
Ән менен жырды ту еткен.
Түсінсе мені жүректер,
Жырымды нәзік жүдетпей.
Жүректен шерді қозғайтын,
Жанымда менің жалын бар.
«Қалауын тапсаң, маздайтын
Шырақ» деп мені таныңдар!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇