Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
124
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-08-09-12-07-39.png)
ҚАРСЫЗ ҚЫС немесе Айгүл Талыстың виртуалды бәйгесіне
Қыс өтер, көктем келер,
Уақыт жаңылмайды.
...Бақытты көктен берер...
...Мен сені сағынбаймын...
Қыс кетер, жетер көктем,
Күндерді қуып күндер,
...Ғайып боп кетер ме екен,
Тылсым мол тымық түндер...
Қарсыз қыс көңілсіздеу,
Көшені тұман бүркеп,
...Жүрек те сенімсіздеу,
Жүдеткен мұнар Күн кеп.
Сыр шашпай тұнжырады,
Жүдеу бақ жапырақсыз.
...Тұнжыр Түн сұңғыла-ды
... Алмас, сіз ақымақсыз...
Көктеме күн сағынтып,
Қар жаумай безерді аспан,
...Ойымды құр сабылтып,
Келеңсіз кезең баста.
Күз Қысқа жалғасты ма,
Жетпейді жылу Көктен.
Қарлы Қыс, әйбатсың-ау,
Алайда, сұлу Көктем!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇