Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
139
АНА
Тербетіліп сенің алақаныңмен,
Дүниеге алғаш үнім естілген.
Жұбандым да әлдилеген әніңнен,
Ақ сүтіңнен қуат алып өстім Мен.
Нәр бердің-ау тамырыңды идіріп,
Сенің шексіз мейріміңе бөлендім.
Жүрегіңде-бар жақсылық, игілік,
Тілегіңде – тыныштығы әлемнің.
Құдіретіңе табындым да...
Аңғардым
Бүкіл әлем кең емес-ау жаныңнан.
Қымбат емес алтын тәжі хандардың,
Ана, сенің аппақ орамалыңнан.
Аялаған, әлдилеген анашым,
Жай күйімді айтқызбастан білесің.
Қара жер мен көк аспанның арасын
Мейірім мен нұрға бөлеп жүресің...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter