Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
233

ҚАРА ҚАҒАЗ
Майдан кезі.
Қаһарлы күн, кәрлі жыл,
Басып алған ауыр батпан маңды зіл.
Кіріп келе жататындай әкесі,
Есік жаққа елеңдейді жалғыз ұл.
Оқ даусынан үрейлері ұшады,
Естілмейді табиғаттан құс әні.
(Қайғы мұңнан Қаратау да құсалы,)
Бала көңіл күтумен жүр әкесін,
Пана болып жалғыз шеше құшағы.
Әке жүзін көру арман, бір бақыт,
Тұрса алдында «ұлым-ау» деп тіл қатып.
Бала жүрек көз салады алысқа,
Балдәуренін сағынышқа ұрлатып.
Қыр белдері қарамайды гүл атып,
Әр таң атты еңселерді құлатып.
«Келеді әкең» деп қояды анасы,
Ұл көңілін, өз көңілін жұбатып.
«Әкем неге, кешікті?»
Кенет «тық-тық» еткен үнді есітті.
Қасиетсіз қара қағаз сөйлеп тұр,
Алып ұшып ашқан кезде есікті.
О, Құдай-ай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter