Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  94


Автор: Жандос ДЕМЕСІН

АМАНАТ

Әбіш Кекілбайұлына
Бесшоқы – тау төресі өр тұлғалы,
Мұнардан көре алмадым көркіңді анық.
«Ел үшін өлу – ердің арманы»- деп,
Қан майдан шақырып тұр еркімді алып.
Бұл да бір жазу шығар Тәңір қылған,
Ел үшін шаһит кетсем жаным құрбан.
Табаным тайып барад Мырзайыр шөл,
Бытыра сусыл сары шағыл құмнан.
Аман бол, Ағаштым-ау, Көрпешігім,
Мырзайыр, Басқұдығым, өркеші құм.
Барамын қазыл жалын ортасына,
Сіздерге ақтарылып келте сырым.
Қайтейін...
Артым – түнек, алдым – жалын,
Ұсынған татып көрем тағдыр дәмін.
Бере гөр амандығын, Жаратқан Хақ,
Артымда жалғыз тұяқ қалдырғаным?!
Қиын күн елге қатер төнді жаман,
Арманы, үміті көп, мен бір адам.
Құдай-ай, жалғыз ұлды беріп едің,
Қызығын қиясың ба, енді маған?!
Туған жер, ар сыйлаған маған аппақ,
Дәл бүгін босағаңнан барам аттап.
Әуелі Алла, сосын Пірім Бекет,
Сіздерге жалғызымды аманаттап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу