Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
108
ЗАМАНА
Шындықты айту – арман бұл,
Қоғам іші мақтау сөздер жалған кіл.
Шындықты айтсаң басың кетер заманда
Өтірікші жандар дүр.
Керек боп тұр айла ұтқыр,
Жылайын деп тұрсаң дағы жайнап күл!
Шындықты айтып оза алмайсың,
Себебі…
Батыраштар балталарын қайрап тұр.
Көріп тұрып сұмдықты,
Айта алатын бірі бар ма шындықты?
Ойлап кеткен көбі қарын тірлікті,
Ал, сөйлетсең шеттерінен кіл мықты.
Шындық қоссаң сөзіңе,
Әзірейіл көрінеді көзіңе.
Қара жерге көміп тастап тірілей,
Жаназаңды шығартады өзіңе.
Жағымпаздар бағы жанып жасаған,
Алымпаздар қос қолымен асаған.
Тойып әне, секіреді мас адам,
Тоңып міне секіреді аш адам.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter