Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  99


Автор: Аллаберген Қонарбаев

АНАМ ҮМІТАЙҒА

Жылдар өтіп барады,
Қоңырауын қағады.
Көлбеңдейді, алдайды,
Анашымның жанары.
Шашылды да шаттығым,
Басылды да аптығым.
Кеттің мәңгі, жүректе,
Көк мұз болып қатты мұң.
Жеті апам бар алдымда,
Жалғызсырап қалдым ба?
Алаңдаймын сонда да,
Көк найзалы тағдырға.
Балаң едім күлегеш,
Еркеліктен құр емес.
Сағынышқа айналған,
Өткен күндер бір елес.
Телегей теңіз тектім-ау,
Толқын сәуле төктің-ау.
«Жеті жұлдыз бір Айым»,
Деп әндетіп өттің-ау!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу