Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
110
ТУҒАН ЖЕР
Ақ жұпар боп төгілген,
Тозаң желі ақ шаңдақ.
Төбешегі көрінген
Алатаудай аспандап.
Тау бұлағы бүлкілдеп.
Қоңылтақсып шөлдейді.
Құм шағылдар күңкілдеп,
Көшіп қонып көлбейді.
Тарғыл тасты обалар
Әжімді жүз мұңлана.
Көп күрсініп оянар
Қарт ғасырлар ұрлана.
Жусаны бар бозамық,
Қара шөбі мақтаны.
Тұрады ылғи сөз алып
Дауылы мен аптабы.
Көк жиекке беттеді
Тау сілемі – адыры.
Құлағымнан кетпейді
Туған жердің сарыны.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter