Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
127
ЖОЛДАС
«Жолдас» сөзі жолда қалды бұл күнде.
Айналды ғой тұманды бір күңкілге.
«Мырза» дейміз көк аттыға көлденең,
Қорғасынмен құйып қойған күлкің де.
«Жолдас» десе «мәңгүрт қазақ» қорқады,
Шоршып түсер су түбіне шортаны.
«Ханымдар мен мырзалар» деп асаба
Тоймай айтты тойлар өтсе торқалы.
«Жолдас» деймін жорға жарыс жыр жазып,
Бөгде досты күн құшақпен ырза ғып.
«Жолдас» деген азаматтан бұл күнде,
Ал мырзадан тұра қашты «мырзалық».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter