Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  139


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

Көңілдің әйнегінен қыс қарады...

Көңілдің әйнегінен қыс қарады,
Сенімен кездесер күн тысқары әлі.
Өте алмай қарды кешіп омбылаймын,
Аяздың қарып барад ұстағаны.
Қарайды маған аң-таң аппақ әлем,
Қарайған, жүрегінде жаттап өлең.
Сырқатпын, аурухана дәру емес,
Амалсыз бейнеңді іздеп баққа келем.
Бақтың да көп болыпты бағы ұшқалы,
(Жүректің сақинасы тағы ұстады).
Қысқа зарым неғылам ашына айтып,
Өзіңе бану-көктем, таныс бәрі,
Таныс бәрі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу