Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
123
Мынау қала даңғазалы, қай қала?..
Мынау қала даңғазалы, қай қала?..
Атып жатыр нысанаға ап Айды ана.
Ай бетінде оқтың ізі –жараны
Көрсетпедім шошынар деп айнама...
Мынау қала даңғазалы, қай қала?..
Бұлт ішінен сығалайды Ай қаймана.
Жайғастық та, сандықтағы теңді аштық,
Ортамызға екі кесе шайды ала.
Мынау қала даңғазалы, қай қала?..
Қоштасатын жетті сүрек айнама.
Жо-жоқ, көкем, сезім суып кеткен жоқ,
Суып кеткен кеседегі шай ғана..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter