Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  219


Автор: Сұлтанбек ҚҰДАЙБЕРГЕН

ОЯТ МЕНІ, ЖОЛСЕРІК!..

Қыр төсінде қос ішектей жол жатыр
Бір-бірінсіз тұра алмайтын қос табан.
Аралары көп жақын,
Бірақ, Тәңір қоспаған...
Біріншісі:пәни-ғұмыр – жан қайғы,
Бақи-ғұмыр: соған жалғас қатарда.
Қос табанмен заулайды
Өмір атты отарба.
Шығып кетіп руль құрығыр ырқыңнан,
(Болмасын де ондай оғаш оқиға),
Тайып кетсең бір қылдан –
Өттім дей бер бақиға.
Дөңгелегі отарбамның адымды
Талай-талай бекеттерде қалдырды із...
Жолаушымын кәдімгі,
Жол серігім – Тағдыр-қыз.
Келетін ем небір жолды еңсеріп,
Ал сен ылғи ұмытып кететін ең...
Оят мені, жолсерік,
Махаббат бекетінен!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу