Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  138


Автор: Мұрат Өскiнбаев

ӨМІРБАЯН

Қалып едім анадан,
Алты жасқа толғанда.
Бес балапан ұяда
Қара қанат болғанда.
Жапырақ қалды төгіліп,
Бұтағы қурап соғанда.
Балалардың сол күнде
Қиындық түсті басына,
Көрмесін деп жетімдік
Әкеміз ертті қасына.
16-ға толған соң,
Дайындап салды үйретіп,
Халықтың той мен асына.
Қайда жүрсем мереке,
Орын берді төрінен
Қарамай кәрі-жасыма.
Киізбен сыртын қаптаған,
Домбыраны иығыма
Жүре бердім асына.
Дамыта бердім ілгері
Халықтың көркем өнерін.
Араладым әр жерден
Елдердің талай шеберін.
Бұл өнердің жолына
Жасымнан болды жеделім.
Үйреткен ертіп атаға
Алғыстан басқа не дерім.
Арқасында атаның
Аса берді халыққа
Абыройлы беделім.
Жиын мен тойды атқардым,
Бәйгі атындай баптандым,
Көрінгенді қызықтап,
Шаршы төрде шаттандым.
«Тусаң-ту» деген атадан, –
Батасын алдым қарттардың
Талайын ертіп үйреттім,
Өнерпаз кілең жастардың.
Қолданғаным осы еді,
Өмір үшін қолдағы
Соңыма думан ергелі
Басқамен ісім болмады.
Жастықтың дәуір кезінде
Еріксіз айдап жолдады.
Еңбек еттім өнердің
Шығу үшін шыңына.
Аралап елдің таныстым
Миллион менен мыңына.
Түсіп жүрміз жағартып,
Өнердің әрбір тыңына.
Түсіріп жұрміз жыр-күйді
Қашаннан халық сынына.
Қабылдайды қарсы алып,
Сүйсініп күйдің ымына.
Қадірлеген халықтың
Жүйрігі едік келе атқан
Сөздің келсек шынына,
Тарих үшін қалдырдым,
Бола ма деп ескерткіш
Советтік қыз бен ұлына.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу