Өлеңдер ✍️
Ал енді құлақ салып тыңдасаңыз...
Ал енді құлақ салып тыңдасаңыз,
Үлкені Байұлының Сұлтансиық.
Артынан таңдап алған Ақтотаннан,
Жалғасып Беріш пенен Жаппас туып,
Бәрі дө өсе берген белін буып,
Байұлы он екі ата жаралғасын
Айқасып талай жерден ар алғасын,
Айтылмай талай жақсы қалып жатыр,
Көп болып жер бетіне таралғасын,
Мүштәрік аталық сөз мен айтамын,
Елу өтіп, алпысқа қаралғасын.
Адай, Таз, Есентемір, Беріш болмақ.
Ешкімнен бұл ауылдар кейін жатпас,
Егер де ер мен пірін түгел айтсақ.
Серғазы, Төремұрат тазда өтті
Алаша аласақал Бөте тақтақ.
Ерегес екі талай болған жерде
Тұманшы, Сырымдардан кім кетті аттап,
Нұрсеке, Дүйсекемен қатар шығып,
Аттанды бұл фәниден таза шатлап
Исатай, Махамбеттер бұ да өтті,
Болыс пен хан-патшадан халқын сақтап.
Табылды, Қара батыр найзағайлы,
Дұшпанның жолын кетті о да байлап,
Алдоңғар, тазда Бахат «Шағырайлап».
Ерлерім талай шапты «ағатайлап».
Қызылқұрт күй атасы Құрманғазы,
Дина апай Беріштегі күйдің сазы.
Қос ішек домбыраны сөйлеткенде
Тартылған орыс, ноғай, татар назы.
Еліне қайрат бар ма көрсетпеген.
Бұларға ешкім қарсы бәс етпеген.
Айтпаған Адай келді сөз артынан,
Әруағы жеті атадан өтет деген.
Тілеген тілегіңді екі етпеген,
АЛТЫН Ту, қаратасты қақ айырған,
Адайдың пірі шықты Бекет деген,
Құдайке-Келінберді бірге туған,
Сөзімді көрсетейін есеппенен.
Ер басы Ер Қосай мен Есек мерген,
Өлтіріп таутайлақты жесек деген,
Шығыпты Мерген Қосай Есенбеттен,
Тінейде сөзге шешен Тәңірберген,
Бәлиде Қашаған мен және Дархан,
Өтіпті Мырзагелді – Достан, Қостан,
Қосайдан кілең көк жал дүрей берген,
Жаманадай Бөгелі, Қарпық өтті,
Жананды қатарынан артық депті,
Аманша, Мәмбетқұл мен Қондыбайым.
Абдулла, ылым асқан жаналысы.
Айтуға толық жауап Алты қосай
Осы елдің осал емес жаралысы.
Алты арыс Қосай болғанда,
Ерлік пенен биліктен,
Кем болып еді қай жағың.
Басына қиын іс түссе,
Ерегескен дұшпанның.
Еркін алмай қоймадың.
Қосай атам баласы.
Ортақ сөзім бәріңе,
Болымды сөзде байрағын,
Әйтей, Бегей, Байболмен,
Тіней, Бәли, Сүйіндік...
Арғы атаңыз – ер Қосай
Үстінс сауыт жамылған,
Ерлерің өтті айбарлы,
Егескен жауды қашырған.
Ортаңнан шыққан шайырың,
Берді менен Қашаған.
Мәжіліс топта шабылған
Қыдыр көрген байларың
Қалнияз бен Жұбандай,
Алтын-күміс тағынған.
Абдулла ғалым пір өтті.
Айтып айта келгенде,
Ер Қосайдың балдары,
Құр емессің дуаннан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter