Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
99
ТОЛҒАҚ
Адыра ұйқы... мазамды ап,
Барады бір күй елітіп.
Еркімді билей ол арбап,
Елейтін емес мені түк.
Басылмай әуре аптығым,
Ұмтылдым дереу «бақанға».
Санамда ескі жатты ұғым –
«Жаныма сая табам ба?»
Кеберси қалған таңдайға,
Күш бар ма құяр нәремін.
Кеудемнен бір құс самғай ма
Дарытқандай-ақ жан емін.
Толғату деген – азап тым,
Бейнетін өстіп ұғындым.
Жай тапты жаным – азатпын:
Тәттісін сездім мұңымның!
Тербете баурап нәби-нұр,
Талықсып кеттім балбырап.
...Оянсам күлер сәби-жыр
Басқаның бәрі сандырақ!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter