Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  107


Автор: Гүлайым Дәуітбаева

МАХАББАТ-ӘЛЕМ

Бөлентіп нұрға тамылжығанда көктем-гүл,
Ақ шәлі салып, қол бұлғағанда көк сеңгір
Сағындым сені, телміре қарап сағымғаМахаббат деген - сен екенсің ғой мөп-мөлдір...
Ақша бұлт иіп, ақ жаңбырларын төккенде,
Майда жел желпіп маңдайымнан мені өпкенде.
Еркелеп тұрып есіме алдым тағы да,
Махаббат деген –сен екенсің ғой өрт- кеуде!
Ақ боз аспанның құрсағын жарып тепкілеп,
Ақ ұлпа мамық талып бір жерге жетті кеп.
Алақанымда аймалап тұрып толғандым
Махаббат-әлем жүрегіме орна деп тілеп!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу