Өлеңдер ✍️
КҮНДЕЛІК ДӘПТЕР
Саған айтам өмірімнің сәттерін,
Саған айтам жолдарымның «әттеңін».
Сенен басқа сырласым жоқ, мұңдасым,
Сен болдың ғой ддосым және жолдасым.
Жаза берем, жаздым бәрін, барлығын,
Жастық шағым, достығымның әр күнін.
Өтті күндер, өтті түндер өзіңмен,
Сағыныштың моншақтары үзілген.
Жота болдым, тауға шықтым сезіммен,
Құштарлығым-тауға бала кезімнен.
Арайланған ақ таңдарға қараймын.
Күте-күте бір бақытты төзіммен.
Төзімнің де шегі бар ма білмеймін,
«Қатты едің ғой, босадың!»,-деп, күл мейлің.
Жаза-жаза жүрегімнің сырларын,
Шайыр болып, енді сені жырладым.
Өмір-өткел, нені көрдім, не білдім,
Көз майымды тауса-тауса төгілдім.
Соның бәрі бір Арманға тірелер,
Сол бір арман үміт отын себелер.
Күнделігім, ақ жол- өмірбаяным,
Жан сырымды саған ғана жаямын.
Жүрегімнің балы тамған көк дәптер,
Жырта алмадым, екеумізді аядым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter