Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
76
Құдай деген жан едің...
Құдай деген жан едің,
Құдай сені жебегін.
Күндер-күндер болғанда,
Түсіндің бе демегін.
Түсінгенмін қашаннан,
Жоқ ойымды ашалғам.
Көрсем-дағы дертіңді,
Шыға алмадым қасаңнан.
Қасаң ойлар, қасаң жол,
Бір биікті тосам сол.
Соған қолым жетпеді,
Өмір шығар өтпелі.
Сен де мұны ұққансың,
Құптамассың, құптарсың.
Саған қарай бұрылсам,
Алдымда тұр қатпар шың.
Қатпар шыңнан аса алмай,
Ентігімді баса алмай.
Арасында екі оттың,
Тұрдым бірақ жасымай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter