Өлеңдер ✍️

  09.08.2022
  120


Автор: Айнахан Есетова

Алматы

Кеуде буған түтіннен,
Аспанның да жасаураған жанары,
Қарлығулы тамағы.
Бар сабырын әзер жиып бойына
Алатаудың салғырт тартқан қабағы.
Аяулысың ей Алматы сен маған,
Суықтаусың ызбарыңмен шамалы.
Сендік сынның зарпына
Шыдаса тек шын Ғашықтар шыдады.
Не тең келер парқың менен нарқыңа,
Сенде жастық шағы қалған ұғады,
Ақымақ қып жібердің
Ақын болам дегенді,
Ақын қылып жібердің,
Ақымақпын дегенді.
Сендік мінез танысам,
Патша емес патшайым,
Сағынышты саздарың бар-алыс ән.
жалғыз жүрек аңсауым.
Сендік мінез салған сарсаң әуреге,
Асқақтайсың енді бірде пәмдене,
Мұнарланған көзіңнен мұң моншақтай,
Ағыл тегіл күй кешесің сәл неге.
Алыс қалған шағыңды әлде сағындың,
Арзу болып сені арманға балаған.
Арыстардың әруағына табындым.
Сәл сәтіңде тұрасыңда түнеріп,
Енді бірде көз саласың жадырап.
Бауырайыңда жатқан бұлақ жамырап.
Мен өзіңе арта алмаспын сірә наз,
Жазығы жоқ жәутең жастық шағымның
Патшайымы өзіңсің, Алматы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу