Өлеңдер ✍️
Бала қайың
Бірде қоныр, бірде күрең түске еніп,
Мизам маусым мұңаяды түс көріп.
Жапырактың жайы солай қайтесің,
Бала қайын бой жаза гөр тіктеліп!
Бала қайың саған жазым аманат,
ҚаҺарлы қыс жатса- дагы жазалап!
Қай қайдағы қоздатады қайғымды
Ақ жауын күз жапырақты азалап!
Боздауық ән бар дүниеге сінгендей,
Қара тастың безбүйрегін игендей,
Дүниеге келген сәтте -ақ шыр етіп
Осынау саз санама әбден сіңгендей.
Қала барсам , дала кезсем тентіреп,
Қалмай ылғи ілесумен жүргендей!
Жетімектей жанарынан жас парлап,
Таңды Машқар жаным бақи сүйгендей.
Жаурасам да өкінбеймін неліктен,
Ажырағым келмей сырлас серіктен.
Алыс кеткен ақиқатты жоқтадық.
Адал жанның шат бақытын кеміткен.
Неге олай, дейді жаным шырқырап,
Ақын жазған жырда дәрмен, бір қуат.
Күз жылайды, жылай берсін қайтесін,
Уайымға қалдырмасын бұл сұрақ.
Бала қайың келмес сені жылатқым.
Қайғы мұңның құшағына құлатқым.
Бала қайың сен жарқыра көкешім,
Өйткені өзің жаңа жанған шырақсың!
Көксіл мұңнан қыр көкжиек арылсын,
Бал сағағың баянды бақ тағынсын!
Бала қайың,жазым саған аманат.
Қоңыр күрең сағыныш боп табылсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter