Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.08.2022
87
Ән «Жадау көк»
Үкілі бөрік киіп қамарлаған ,
Үстірттің үстін шолып самалдаған
Құмартып құлақ түрсін құба дала
Бөбекке Қайып тағы ән арнаған.
Шалдықсам шәрбат шұбат қанып ішкем
Жадау көк әнсің бе, әлде сағыныш па ең?
Қайыптың таңдайынан ән боп туып,
Басқаның маңдайына жазылып па ең.
Үстірттің үстін шолдым қарай-қарай,
Көш өтсе қалмайын деп абайламай.
Тәңірім жазбады ма көруге енді,
Бұл жалған бір тоқтаған керуен сарай.
Бел асып «Білеуліге» жол келеді,
Жолменен жолаушы жоқ жел желеді.
Керуенді көш бастаған қызыл нардай
Құм белес ырғалады теңселеді.
Ән тыңдап құба дала теңселіп тұр,
Үстірттің үстіменен өлшеніп қыр .
Іреңім желбіреген қызыл шархат,
Жүрегім Ақбөбектей өртеніп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter