Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
60
Фараби
Қол шапалақтап жатқандай
Ақиқат тауып жалғасын:
Әкенің ұлы боп қалмай,
Адамның ұлы болғасын.
Дүние!
Таңдан!
Қақ таңдай:
Көңілде күмән қалмасын.
Қарудың құлы боп қалмай,
Ғылымның ұлы болғасын.
Мінгізді әкең сені атқа,
Ұстатып қайқы қылышты.
Сезбеді сенің
Бірақ та
Ту етеріңді ұлы істі.
Ғарышқа естірттің үніңді,
Ғайбаттар сені бекер кім?!
Әкенің туы жығылды,
Халықтың туын көтердің.
Кел, төрлет келер ғасырға,
Ғұлама баба Фараби –
Ойналған тынбай
Тарихтың домбырасында
Дара күй, әрі дана күй.
Міні еді үлкен халқымның –
Ғылымдағы үлкен кетік-кем.
Құтқардың содан,
Ойымды осылай түйдім,
«Трактаттарды» оқып мен.
16.11.1981 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter