Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
148
Замандасқа
Құрбылықпен сөз арнадым, замандас,
Болғанменен бәріміз де балаң жас;
Жас боп мәңгі қала алмаспыз өмірде,
Дүниеде ешкім мәңгі жас боп қала алмас.
Болғанменен сөзіміз жас, сезім жас,
Жастық дәурен мәңгілікке созылмас.
Сондықтан да жүрмес үшін аһ ұрып,
Айналаңа қарап, ойлан,
Көзіңді аш!
Болғанмен жас қыз, бәріміз жас жігіт,
Қайратымыз жатса-дағы тасты үгіп;
Басылады жастық арын, тасқыны,
Арнасына түсер жастық бастығып.
Мүмкін тағы мың туып, мың өл-тіріл –
Мүмкін емес оның орнын толтыру.
Жалындаған жастығыңды өткізіп,
Жіберме сен орны толмас олқылық.
Өшпес Ерлік, Атақ пенен Даңқ ұлы,
Жасайды тек бұл дүниеде мәңгілік –
Жастығыңды бөле ерлік Еңбекке,
Кеткің келсе мәңгілікке қалдырып!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter