Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
116
Домбыра сөз алса…
Безек қағып,
Тіл бітіп қос шектерге,
Тасқын-топан көк нөсер күй кеткенде
Өр әуенге қосылғандай тыпыршып,
Аласұра өрекпиді өрт боп кеуде.
Анау-мынау ашу деген, сірә, ғой,
Қан төгісер кекті іркілткен Құдай-ой!..
Жаймашуақ қоңыр әуез төккенде,
Балбырайды-ау,
Маужырайды-ау тұла-бой.
Мейлі, аптап – өрт қуырсын даланы,
Мейлі, жатсын құтырып қыс бораны;
Осынау бір ұлы мұра сөз алса,
Әр қазақтың тамырында бүлкілдеп,
Сонау ата-бабалардың ұлы қаны соғады!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter