Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
187
Перзент сыры
Жараса керегіңе бір өлеңім,
Бар күлкі, қуанышым, міне, менің!
Туған ел,
Мен – спортшы,
Бір өзіңсің –
Көрермен,
Сыншы қауым,
Тренерім!
Сыйлыққа тартар қымбат сыйым да жоқ,
Етуде Ұлы Парыз ұлыңды әлек:
Туған ел,
Мен – диқаның,
Аш қоймаңды,
Құйылсын әр еңбегім түйір дән боп!
Туған ел,
Мен – жұмысшың,
Жұмыс қайда?
Сал мені қиындарға!
Тың іске айда!
Туған ел, жарасам бір әжетіңе,
Бақыттың маған өзге қажеті не?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter