Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
08.08.2022
145
Дала
Дала!
Сенде кім қалып, кім өтпеген?!
Ер қалды жау өлтірген бір оқпенен.
Ақын да өлді қан жұтып қайғыменен,
Зұлымдықты мадақтап, жыр етпеген.
Озбырларың қай ізгі балаңды ұқты?!
Өтті қарғап ғұлама надандықты.
Әділдік пен аярлық алысса егер,
Жеңе алмады ақиқат, арам жықты.
Түсірді өстіп сан ғасыр көлеңкесін,
Өр ұлдарың түлетті кең өлкесін.
Саған қызмет етпесем,
Сол ұлдарың
Тыңайтқыш қып төсіңе мені өртесін!
«Саған – өмірім!».
Бұл сөзді жаттадым шын,
Басқа күйкі тірлікпен жоқ та ісім.
Күлден де арзан өмірім –
Саған деген
Өтелмесе перзенттік ақ борышым!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter