Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  141


Автор: Қазданбай Қосжанов

САМҒА БИІК, КӨГЕРШІН

Самға биік,
Күнді сүйіп,
Күміс қанат көгершін.
Бейбіт өмір,
Төгеді нұр,
Төгеді нұр, төгер шын.
Самалы таң,
Самғаған ән,
Көңіл алға ұмтылды.
Желбіреп ту,
Желбіреп ну,
Табиғат та құлпырды.
Әуе балқып,
Бейне барқыт,
Жасаңғырап жатыр жер.
Түріліп түн,
Келеді күн,
Күлед күндей батыр ел.
Мейрам күні,
Дала гүлі,
Әр қолдарда жайқалды.
Бүгінгі ән,
Бүгінгі сән,
Бәрін айтты, айта алды.
Самға биік,
Күнді сүйіп,
Күміс қанат көгершін.
Бейбіт өмір,
Төгеді нұр,
Төгеді нұр, төгер шын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу