Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.08.2022
152
ЖЕР СЕРІГІ
Қияға, құлаш ұрып күн көзіне,
Тартпадың қызықтырып кімді өзіңе.
Космосты шыр айналып жұмыр дене,
Самғай бер күміс аспан күмбезінде.
Тыңда, әлем, ұшты бізден жер серігі,
Айтқанда көтерілді еңсе мұны.
Аспанға шырқап шықты, тоқтамады,
Марсқа ұшу деген ел сенімі.
Жай ғана ұшып жүрген емес дене,
Қарсы алды оны аспан кеңістігі.
Хабарлап жүр табиғат құпиясын,
Естілді әр құлаққа тегіс үні.
Қияға, құлаш ұрып күн көзіне,
Тартпадың қызықтырып кімді өзіңе.
Космосты шыр айналып жұмыр дене,
Самғай бер күміс аспан күмбезінде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter