Өлеңдер ✍️

  02.08.2022
  95


Автор: Қазданбай Қосжанов

ШОПАН ҚЫЗ

Жеңіл іс сұрамайды жанға жайлы,
Модадан мода қуып талғамайды.
Самғатып қоңыр даусын түнгі ауада,
Өзіне табындырған маңғаз айды.
Танцыға, сауық кешке жігіт-желең,
Әуетте шақырмайды әр кеш мұны.
Қойлардың кешкі даусы, күміс күйі,
Ол үшін симфония оркестрі.
Елемей қыста боран, жаз ыстықты,
Кетеді ұзап малмен алыс тіпті.
Өмірдің өз пешінде қорытылған,
Сен одан таба алмайсың нәзіктікті.
Алысқа жайылмапты даңқың әлі,
Маңдай тер талай-талай тамшылады.
Сол үшін жігіттерге жұлдыз болса,
Елінің атанып жүр шамшырағы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу