Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  138


Автор: Есенғали Бөкенбаев

Дүния-жиһаз жиюлы...

Дүния-жиһаз жиюлы,
Әшекейлі алтындай,
Бөленіп түрге құюлы.
Дәулеті асқан талай жан
Дүниядан кешкен күн
Ошақтай жерге сыюлы.
Жеткізбейді қуғанмен,
Дүние деген диюды.
Дүние тәтті болғанмен,
Кідіруге шараң жоқ,
Жеткен соң мерзім қиюлы.
Бақ-дәулеттен пәк кешіп,
Талайдың көңілі сұюлы.
«Өлгенде пайда тиер» деп,
Қирағаттап намазын,
Мүриттерге пенде ұюлы.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу