Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
157
БІРІНШІ НАЗЫМ
Өзімнің деген шағымда
Қалайын неден қорғанып?!
Кез-келгеннен шықпайды
Жүйріктік пен жорғалық.
Жазып келем өлеңді
Ақындардан форма алып.
Өлеңім – нөсер жауындай,
Отырсам қалам қолға алып.
Түйдегімен келеді.
Жауатын бұлттай торланып.
Шығарайын жарыққа
Жатқан жырды қорланып.
Өмірдің сәні – жырменен,
Бір азырақ толғалық.
Өлең – сөзден туады,
Қиындасса жүйемен,
Ат туады биеден.
Өліп, өсіп, жаралу –
Бір құдірет Иеден.
Адам – бір керуен, мысалы,
Ауыр жүк артып, тиеген.
Абыройлы кісіні
Көтеріп, әруақ сүйеген.
Иманы бар адамды
«Арылтады, - дейді, - маһшарда
Жабысқан кір мен күйеден».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter