Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  477


Автор: Айсырға Қилыбаева

СӘБИІМ

Іңгәлайсың күтпей таңның атқанын,
Сенің іңгәң – бақыт күйім, тәтті әнім.
Бұлт-бұлт етіп, талпынасың тынымсыз,
Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай аппағым!
Кіп-кішкентай жүрегімнің бөлшегі,
Тірлігімнің келешегі, өлшемі.
«Биіктерге самғап ұшар ма екен?!» деп,
Дүниеге алып келдім мен сені.
Сенсің – мендік армандардың жалғасы,
Өз орныңды биіктерден таңдашы.
Ағып түскен жұлдыздардай жоғалып,
Бар тілегім – ерте сөніп қалмашы!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу