Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
128
А-ҒА
Күн көзі көлеңкені жасқандырып,
Қарайды көк теңізге аспан күліп.
Алыста жүгіреді сағым-биші –
Адасып қалып қойған тастанды үміт.
Жан едің іздегенде көрінбеген,
Суалғам, кеуіп, қайта желімделгем.
Күн еміп, қайратымды кеміргенмен,
Отырам талайлардың төрінде мен.
Соғылар толқын жарға шашқан көбік,
Менмендік сені қойған аспанға іліп.
Күн көзі дарияға сүрінеді,
Өзіне ұмтылса да асқар биік.
Заңы бар тіршіліктің қалыптасқан,
Күн мен түн күзетте тұр жалықпастан.
Тар жолда тайғақтамай жүріп өтер,
Абайлап, өз аяғын анық басқан.
Сен мені түсінбейсің, амалым не?!
Сондықтан мазаны көп ала берме!
Табылса, нан берейін, су берейін,
Тұз сұрап есігімді қаға көрме!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter