Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  122


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТӘТТІ ЕКЕН

Тәй-тәй бастың, қаз тұрып,
Абайлап бас, сақтана.
Құтты болғай қадамың,
Бал бөбегім – ақ бала!
Айналайын бөпешім,
Мондалақтай екенсің.
Жүгіресің, тынбайсың,
Томпаң-томпаң етесің.
Егделікті байқатпай,
Қоздыратын делебе;
Бәрінен де тәтті екен
Былдырлаған немере.
Қуаныш пен реніш –
Күн менен түн, ақ, қара.
Ақ, қарасы аралас
Ала жіпті аттама!
«Бала достан жақын» деп,
Жаңа досты жақтама!
«Жек көрем» деп біреуді,
Танымасаң, даттама!
Жағымпаз боп, біреудің
Көзін көріп мақтама!
Адал жанда – ақ өлім,
Ар-намысын таптама!
Дұшпан түгіл, досыңның
Жаман ісін ақтама!
Ғұмырлы бол, немерем,
Әжең айтқан ақылды
Көкейіңе қатта да!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу