Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  97


Автор: Айсырға Қилыбаева

ЖАРАЙ МА?!

Балалық, жастық, кәрілік –
Тірліктің түрлі тарауы.
«Адамның емес, Алланың
Болады, - дейді, - қалауы».
Балалық кездің қызығын
Өткеннен кейін білесің.
Жастықтың мәнін кәрілік
Жеткеннен кейін білесің.
Келесің, қайтып кетесің,
Сыя алмай мынау ғаламға.
Жетпейсің, кейде жетесің,
Өлшеулі ғұмыр адамға.
Артыңда сөз бен із қалар,
Өзіңнің анық кетерің.
Белгілі қалған тіріге
Жақсы, не жаман екенің.
Қолыңнан келсе біреуге
Қиянат етпе, абайла!
Құрсақтан шыққан құлыным,
Жақсылық жаса, жарай ма?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу