Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
129

ЖАС КЕЗДЕГІ ӨЛЕҢДЕРІМ
Жас кездегі өлеңдерім сақталмапты, көп еді,
Әр нәрсенің болады екен салдары мен себебі,
Өз қатесін кей ақымақ өзгелерден көреді.
Албырт сезім – шатпағымды жоғалтыппын сақтамай,
Алғашқы өмір ақпары еді, аппақ таза мақтадай –
Біреуге ерте, біреуге кеш жолығады бақ-талай.
Өзім жанған оттарыма өлеңім де өртенді,
Беймағлұм бір мақлұқат басып тұрды желкемді –
Әрі айт, бері айт, жалқаулардың таусылмайды ертеңі.
Он сегіз мың ғаламға ортақ әмір жүргізуші әмірді,
Алла сөзін оқымаппын – хадис, «Құран-Кәрімді»,
Содан болар, көп дауысқа қоса алмаймын әнімді.
Жас кездегі тақырыбым – аспандағы ай, гүл еді,
Гүл мен айды теріп, көріп қыз бен жігіт келеді.
Жолға қайың күйіп кеткен жапырағын төгеді...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇