Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
72
ҚАРАҒАЙДАЙМЫН ТҮЗДЕГІ
Қорғансыз жалғыз қарағайдаймын түздегі,
«Құлатамыз» деп, талайлар мылтық көздеді.
Таспадай қаным тартылған кезде серпіліп,
Мертігіп қалды өздері.
Күрсінбейтіндер түсіне білмес ештеңе,
Бұйдасын тартпай, барады жортып көшке ере.
Алдыма түсіп, жолымды менің бөгейді
Үрулі қарын, мес дене.
Шанышқы-тілмен іш араздығын ұқтырып,
Тырнатпақсың ғой қойныңа мысық бұқтырып.
Ала алмайсың ғой, ер Төлеп – арғы нағашым,
Қанымда – мәрттік, мықтылық!
Жыл құсы келіп, көктемнің күйін шерткенде,
Ертелеу кетіп, үзілген әнін сұрадым.
Мен естімеген беймәлім бір ән төккенде,
Мұңая тыңдап тұрамын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter