Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
101
ЖҰЛДЫЗДАРМЕН ТІЛДЕСЕМ
Қоңырқай кештің самалы
Шашымды желпіп, тарады.
Қанатында ұшқан құстардың
Арманым кетіп барады.
Жалғыздық жанды жауратып,
Қариды мұзға аунатып.
Тіміскілейді ұры түн,
Зығырданымды қайнатып.
Шыдамның шегі шертілді,
Жігердің жүзі кертілді.
Өлеңмен күреп шығарам
Іштегі жалын, өртімді.
Жұлдыздарменен тілдесіп,
Жеткіздім сырды Айға да.
Үңіліп тұрып бетіме ол,
Кірпігін қақты жай ғана.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter