Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
112
ТАУ ЖАҚЫНДАУ АСПАНҒА
Жарықтар бар жалынсызды жасқайтын,
Жарықтар бар жанға жылу шашпайтын.
Қошқарлар бар қарағайдай мүйізі,
Серкелер бар ұлы жолға бастайтын.
Мөлдір аспан – сахнадай ашылған,
Күннің көзі шуақ болып шашылған.
Құбылыс пен қозғалыстан тұратын
От-жанарды түн кірпігі жасырған.
Сайдан гөрі тау жақындау аспанға,
Саз балшықтай езілмейді тастар да.
Салыстырып, ойлаймын да, үңілем
Бөрік астында бұғып жүрген бастарға.
Біреу басын, біреу асын бұлдайды,
Бассыз елді, қарын көлді былғайды.
Нағыз ерлік сыналады күресте,
Шын болатты от пенен су шыңдайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter