Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
122
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-07-26-22-32-39.png)
ЖҮГІРЕДІ ОТ ТАСЫП…
Ағыл-тегіл ақ жауын
Сатырлатып құйып тұр.
Ақ көбік қып маңайын,
Қайың, талды жуып тұр.
Бұлт бұрымын тарқатып,
Шашын жайып, тарады.
Аспан бетін найзағай
Осып кетіп барады.
Шомылады нөсерге,
Терезелер шық басып.
Машиналар көшеде
Жүгіреді от тасып.
Аспан беті – қап-қара,
Бетін мұнар басыпты.
Найзағай мен күркілден
Ай, жұлдыздар қашыпты…
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇