Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
01.08.2022
89
ӨЗЕКТІ ӨРТЕП, КҮЙДІРГЕН...
Өзекті өртеп, күйдірген,
Ішімде күйік өртім бар.
Басымда құрттар кемірген
Жазылмай жүрген дертім бар.
Желдеткіш-үміт, арманым,
Кеудемді біраз желпіп ал!
Запыран жұтқан мұңлықпын,
Ішімде қасқыр ұлыттым.
Еститін оны ешкім жоқ,
Жақыннан, жаттан торықтым.
Барады дертім қабынып,
Жарылам ба деп қорықтым.
Жүрегім шерден күпті боп,
Жүргенше көзге түрткі боп;
Тезірек көрге кіргім кеп,
Кеткенде жаным жай таппай...
Райдан қайтам, себебі,
Үміттен қалам жүкті боп.
Өртеніп тұрған көрікпін,
Темірді соғып, еріттім.
Дамылсыз соққы қинады,
Жүрегім соғып, деміктім.
Тәттіге әуес көпшілік,
Мен ащыға жерікпін.
Ағайын, жолдас көп болған,
Сыйланып жүрген кезімде.
Біреуін іздеп таппағам
Қиналып жүрген кезімде.
Төкпедім.
Іште бүктедім,
Өзімнің қайғым – өзімде.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter